Стамбұлда дауылдан соң жүк кемесі қайраңға тұрып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлда дауылдан соң жүк кемесі қайраңға тұрып қалды

20.12.2018

Стамбұлға жақын жерде 127 метрлік жүк кемесі күшті жел кезінде қайраңға тұрып қалды. Су көлігінде болған 16 адамның барлығы аман-есен құрғаққа шығарылған. Оларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен, құтқару операциясы қолайсыз ауа райы салдарынан бірнеше сағатқа созылған. Стамбұл губернаторының әкімшілігі оқиғадан қоршаған ортаға ешқандай зиянды заттардың тарамағанын мәлімдеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу