![Чехияның шығысындағы көмір шахтасында болған жарылыстан 5 адам қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_122686.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Чехияның шығысындағы көмір шахтасында болған жарылыстан 5 адам қаза тауып, 10-ы жараланған. Тағы 8 кенші із-түссіз жоғалып кетті. Шахта операторының сөзінше, кеніште метан жарылған. Құтқару жұмыстарына шахтадағы қирау салдарынан көтерілген шаң-тозаң кедергі келтіруде. Бұған қарамастан жоғалып кеткен адамдарды іздеу операциясы жалғасып жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чехияның шығысындағы көмір шахтасында болған жарылыстан 5 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72897/)