Чехияда көмір шахтасындағы жойқын жаралыстан қаза тапқандардың саны 13-ке жетті. Кемінде 10 адам жараланған. Із-түзсіз жоғалып кеткендер де бар. Соңғы деректерге қарағанда, құрбандардың көбі - кеншілер. Оқиға Карвин қаласы маңындағы шахтада 800 метр тереңдікте болды. Онда метан жарылған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, іздеу-құтқару операцияларына жарылыс кесірінен басталған өрт кедергі келтірді. Ел премьер-министрі Андрей Бабиш оқиға орнына барып, істің мән-жайымен өзі танысып қайтуды жоспарлап отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чехияда көмір кенішінде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 13-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72900/)