Жапон императоры Акихито 85-ке толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапон императоры Акихито 85-ке толды

24.12.2018

Осы мерекені тойлауға рекордтық 82 мыңнан астам адам жиналған. Жылдағы дәстүр бойынша Акихито жабық шыны балконға шығып, халыққа көрінді. Әлемдегі жалғыз император өзін құттықтаған адамдарға алғыс білдіріп, былтырғы табиғи апаттардан жапа шеккен тұрғындарға көңіл айтты. Айта кетсек, Акихито сәуірде тақты өзінің үлкен ұлы Нарухито ханзадаға тапсырады. Негізінен, император үйі туралы заңға сай, монарх өмірден озғанда ғана тақ оның мұрагеріне өтуі тиіс. Дегенмен, 2016 жылы халыққа жолдауында Акихито егде жасқа жетуіне орай өз міндеттерін орындай алмайтынына меңзеген еді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу