![«Баян сұлу» фабрикасының тауарын 10-нан астам ел тұтынып отыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75472.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанайлық кондитер өнімдерінің экспорты артып келеді. Бүгінде аймақтағы «Баян сұлу» фабрикасының тауарын әлемнің 10-нан астам елі тұтынып отыр.
Фабрикада жылына 40 мың тоннадан астам өнім өндірсе, соның 36 пайызы алыс-жақын шетелдерге экспортталады.
Кәсіпорын техникалық құрылғыларын жыл сайын жаңартып, жетілдіріп отырады.
Кәсіпорын ұжымының алдағы мақсаты – қазақстандық брендті қалыптастырып, өнімдерін әлем бойынша танымал, өтімді тауарға айналдыру.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Баян сұлу» фабрикасының тауарын 10-нан астам ел тұтынып отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7295/)