Оңтүстік Африка Республикасында пойыз апатынан жараланғандар саны 620-ға жетті. Тағы үш адам қаза тапқан. Зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсетілді. Олардың арасында бірнешеуі ауыр халде жатыр.
Екі пойыз ел астанасы Преторияда сейсенбі күні соқтығысты. Апат кезінде пойыздардың біреуінде 800-дей адам болған. Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Африка Республикасында пойыз апатынан 620 адам жараланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72976/)