Йеменде шиит-хуситтер әскери парадта дрон жарып, 6 адамды мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменде шиит-хуситтер әскери парадта дрон жарып, 6 адамды мерт қылды

10.01.2019

Құрбандардың ішінде жауынгерлер мен билік өкілдері бар. Оқиға бүгін Лахадж провинциясының әл-Анад ауданында орналасқан әскери базада болды.

Хуситтер осы шабуыл арқылы «басқыншылардың лидерлерін» нысанаға алдық дейді. Йеменде хуситтер бірнеше жылдан бері Сауд Арабиясына арқа сүйеген үкімет армиясымен соғысып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу