АҚШ-та Солтүстік Дакотадан бастап Теннесиге дейін аяз күшейді. Ауа райының қолайсыздығына орай жүздеген мектеп жабылып, мыңдаған әуе рейсі кейінге шегерілген. Температураның төмендеуіне арктикалық салқын ауа себепші. Ол елдің орталық-батыс бөлігіне қатты әсер етті. Чикаго мен Иллинойс штаттарында сынап бағанасы -46 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Мұны АҚШ-тың ұлттық ауа райы орталығы хабарлады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та аязға байланысты мектептер жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73093/)