Бразилияның Сан-Паулу қаласында төтенше жағдай. Мұнда тапа-тал түсте тікұшақ кенеттен жолда жүріп келе жатқан жүк көлігіне құлаған. Оқиға орнында бірден өрт тұтанды. Апаттан екі адам қайтыс болып, біреуі жараланған. Марқұм болғандардың біреуі - Бразилиядағы белгілі журналист Рикардо Боехат. Қазір апаттың неліктен болғаны анықталып жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бразилияда тікұшақ жүк көлігіне құлап, 2 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73173/)