АҚШ соты мексикалық есірткі бароны Хоакин Гусманды айыпты деп таныды. «Қортық» деген атпен белгілі қылмыскерге 10 бап бойынша кінә тағылған. Оның ісі 4 ай бойы қаралды.
Айыптаушы тараптың дерегінше, Гусман АҚШ-қа 25 жыл бойы 155 тонна кокаин және өзге де есірткі заттарын тасымалдаған. Ол 2013 жылы «Қоғамның №1 жауы» деп аталды. Гусман бірнеше мәрте ұсталып, түрмеден қашып шыққан. Соңғы рет ол Мексикада 2016 жылы ұсталып, АҚШ-қа экстрадицияланды. Қылмыскер өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атақты наркобарон айыпты деп танылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73181/)