Канаданың шығысындағы Галифакс қаласында қайғылы оқиға болды. Мұнда сириялық босқындардың үйінде өрт тұтанған. Одан осы отбасының 7 баласының өмірі қиылды. Марқұмдардың ең кішісі - үш айлық, үлкені - 17-де.
Олардың ата-анасы өрт кезінде үйден шығып үлгерген. Жеңіл-желпі жараланған ерлі-зайыпты қазір ауруханада жатыр. Қала мэрі болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Канадада өрттен бір отбасының 7 баласы қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73226/)