Сирияда «ДАИШ» қарулы тобы күрд жасақтарымен соғыста жеңілуге жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда «ДАИШ» қарулы тобы күрд жасақтарымен соғыста жеңілуге жақын

21.02.2019

Оның қолындағы соңғы ауыл – Бағозды алу операциясының басталғанына бір аптадан асты. Сәрсенбі күні бұл елді мекеннен мал тасуға арналған 22 машинасымен жүздеген бейбіт тұрғын шығарылды. Көбі – әйелдер мен балалар. Босқындардың қажығаны, ашыққаны, зорыққаны сонша - өткен аптада олардың 60 шақтысы лагерьге жеткеннен кейін, қайтыс болған.

АҚШ бастаған коалиция өкілдерінің мәлімдеуінше, Бағоздың шағын ғана бөлігінде «ДАИШ»-тың 300-дей тәжірибелі содыры қалған. Солардың айтарлықтай бөлігі – шетелдіктер. Олар өлгенше соғысуға бекініп отыр.

«ДАИШ» 2014 жылы Ирак пен Сирия территориясының үштен бір-бөлігін басып алып, халифат жариялады. Алдағы күндері экстремистік ұйым сол аумақтан түгел айрылуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу