Жексенбі таңертең мұнда Boeing 737 MAX ұшағы құлап, оның бортында болған 157 адамның барлығы қаза тапты. Бұл трагедиядан кейін Қытай «макс-джеттерді» түгелдей жерге қондырды.
«Ethiopian Airlines» әуе компаниясының жолаушылар лайнері Аддис-Абебадан Кения астанасы Найробиге бағыт алған еді. Алайда, көкке көтерілгеннен кейін 6 минуттан соң Boeing апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған азаматтардың 32-і кениялық, 18-і канадалық, 8-і америкалық, 7-і британиялық, ал үшеуі ресейлік азамат. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.
Аспанға көтерілгеннен кейін әуе кемесінің пилоты қандай да бір қиындықтардың туындағанын айтып, Аддис-Абебаға оралуға рұқсат алған. Дәл осындай Boeing өткен күзде Индонезияда апатқа ұшыраған еді. Ол кезде пилоттар лайнердің автоматтық жүйесін басқара алмай, ұшақ бортындағы 189 адамымен Ява теңізіне құлады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Эфиопияда бүгін қаралы күн жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73322/)