Осының салдарынан ауруханаларда 17 адам қайтыс болған. Ал, жергілікті тұрғындар көшеге шығып, социалисттік үкіметке наразылық білдіріп жатыр. Президент Николас Мадуро жарықтың өшуіне АҚШ-тың саботажы кінәлі деп мәлімдеді. Бірақ сарапшылардың ойынша, Венесуэлада электр тапшылығына жылдар бойы энергетика саласына инвестицияның жеткілікті салынбауы себепші.
Айта кетсек, бұл оңтүстікамерикалық мемлекетте экономиканың күйреуі мен инфляция кесірінен азық-түлік пен дәрі-дәрмек халыққа жетпей жатыр.
Осындай жағдайда дүкен тонаушылар көбейген. Соңғы тәуліктің өзінде ұлттық гвардия сарбаздары супермаркеттерге шабуыл жасаған, азық-түлік ұрлаған 40-тан астам адамды тұтқындады.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Венесуэлада 4 күннен бері электр жарығы жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73323/)