Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йемендегі Кушар елді мекенін бомбалап, 12 баланы мерт қылды. Сонымен қатар, 10 әйел қаза тапқан. Тағы 30 шақты тұрғын жараланып, ауруханаға түсті. Олардың 14-і – жеткіншек. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың кейбірі ес-түссіз жатыр.
Йеменде Иранға сүйенген шиит-хуситтер мен Сауд Арабиясы қолдаған сүнниттер төрт жылдан бері соғысып жатыр. Әскери жанжалдан ондаған мың адам қаза тапты, елді аштық жайлады, 2 миллионнан астам йемендік үйлерін тастап кеткен.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сауд Арабиясы бастаған коалицияның шабуылынан 12 бала қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73345/)