АҚШ-тың Нью-Мексико штатын екі үлкен торнадо жайпап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Нью-Мексико штатын екі үлкен торнадо жайпап өтті

13.03.2019

Одан бірнеше адам жараланып, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Алапат дауыл үйлерді қиратып, барлық аудандарға залал келтірген. Тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп үлгерген дауылдың біреуі штаттың оңтүстік-шығысындағы Хагерман қаласын талқандап кетті. Ал, екінші құйын Техаспен шекралас елді мекенге соққы берген. Қаза тапқандар туралы мәліметтер түскен жоқ.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу