Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында екі ғимарат құлап, 15 адам қаза тапты. Тағы 13-і үйінді астынан құтқарылған. Алайда, 5 адам әлі табылмай отыр. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Апат Линьфэнь қаласында болған. Мұнда жардың үстіне салынған үйлер құлаған. Олардан 79 адамның 46-сы өз күштерімен шығып үлгеріпті. Қазір қаза тапқандардың аты-жөндері анықталып жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда 2 ғимарат құлап, 15 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73371/)