Мұны Біріккен Корольдік парламенті қауымдар палатасының спикері Джон Беркоу мәлімдеді. Айта кетсек, Брюссельмен келісілген бұл құжатты депутаттар қаңтарда және наурыздың 12-де мақұлдамай, премьер-министр Тереза Мэй үкіметіне қайтарды.
Ұлыбритания, Еуропа Одағымен наурыздың 29-ында ажырасуы керек. Алайда, екі Ирландия шекарасының болашағы айқындалмағандықтан, Брексит жобасын қауымдар палатасы қабылдамай отыр. Сондықтан Мэй елді одақтан шығару мерзімін маусымның 30-на дейін ұзартуды сұрамақ.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Брексит үшінші рет дауысқа салынбайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73372/)