Жаңа Зеландияның батыс жағалауында соққан дауыл алып көпірді қиратып кетті. Вайхо өзенінің үстінен тартылған жол опырылып, түгел құлап қалған. Сондай-ақ, толассыз жауыннан өзендер арнасынан тасып жатыр. Сондықтан, Франц-Джозеф қалашығына тасқын қаупі төнді. Ал, дүлей дауылдан зардап шеккен Уэстлэнд ауданында төтенше жағдай жарияланып, оған апаратын барлық жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылған.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңа Зеландияда дауыл алып көпірді қиратып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73377/)