Олардың құрамынан денсаулыққа зиянды формальдегид және асбест анықталған. Мамандардың айтуынша, бұл заттар – белгілі канцерогендер. Олар қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін. Ал, компания өкілі бұл деректерді жоққа шығарып, өнімдерде улы заттардың қолданылмайтынын айтып отыр. Осыған дейін Johnson's Baby-дің балаларға арналған сеппесіне қатысты да тергеу жүргізілген еді. Дегенмен, құрамынан қауіпті элемент табылмағандықтан, ол ұнтақты өндіру қайта жалғасқан.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда Johnson s Baby компаниясының сусабындары сапа сынағынан өтпеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73421/)