Ауғанстанда «Талибан» содырлары үкіметтік әскери кешенге шабуыл жасап, 12 жауынгерді мерт қылды. Тағы 22 адам жараланған. Бұл туралы ауған билігі хабарлады. Елдің солтүстік-батысындағы Бадгис провинциясында 2000-ға жуық тәліп шамамен 600 ауған әскерін шабуылдаған.
2 күнге созылған шайқаста сарбаздардың оқ-дәрілері мен азық-түліктері бітуге таяды. Кейбір мәліметке қарағанда, қақтығыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан, ауған үкіметі армияға көмек жеткізу жолдарын қарастырып жатыр.
«Талибан» Ауғанстан басшыларын АҚШ-тың қолбаласы деп айыптап, сол билік арқа сүйеген шетел күштерін елден кетіруді мақсат етіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Талибан» шабуылынан 12 жауынгер мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73442/)