Чилидің Пуэрто-Монт қаласында ұшақ үйге құлап, 6 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилидің Пуэрто-Монт қаласында ұшақ үйге құлап, 6 адам мерт болды

17.04.2019

Чилидің Пуэрто-Монт қаласында ұшақ тұрғын үйге құлап, кемінде 6 адам мерт болды. Олардың бесеуі - жолаушылар, біреуі - ұшқыш. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, коммерциялық әуе рейстерін орындайтын шағын ұшақ 2 шақырым жердегі «Ла Палома» әуежайынан ұшқан.

Дегенмен, оның аспанға көтерілген соң бірнеше минуттан кейін апатқа ұшырауына не себеп болғаны белгісіз. Ал әуе кемесі құлап, өртке оранған үйде абырой болғанда ешкім тұрмаған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Ал, тергеушілер апаттың мән-жайын анықтауға кірісті.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу