Оларды қамауға алу барысында 3 тәртіп сақшысы қаза тапты. Қазір күдіктілерге тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, жексенбі күні Шри-Ланканың Коломбо қаласында 3 шіркеу мен 4 қонақүйде бомба жарылып, 200-ден астам адам мерт болып, 450-ге жуығы жараланды. Сегіз жарылыстың екеуін жанкештілер жасаған. Сондықтан билік елде коменданттық сағат жариялап, әлеуметтік желілерге тосқауыл қойды. Ал, жарылысқа жауапты адамдардың талаптары әлі белгісіз.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шри-Ланкадағы жарылыс бойынша күдікті деп танылған 7 адам тұтқындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73498/)