Ливия астанасы Триполи маңында үкіметтік күштер мен Халифа Хафтардың ұлттық армиясы арасындағы позициялық қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Соңғы деректерге қарасақ, ай басында тұтанған қарулы қақтығыс құрбандарының саны 254-ке жетіп, 1 200-ден астам адам жараланған. Ливия астанасы маңында тұратын 32 мыңнан астам тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша жоғары комиссарының басқармасы мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ливиядағы қарулы қақтығыс құрбандарының саны артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73506/)