АҚШ-тың Колорадо штатында мектептегі атысқа байланысты екі күдікті ұсталды. Олар - сол мектептің оқушылары. 18 жастағы Девон Эриксонға кісі өлтіру және қастандық жасау бойынша айыптар тағылды. Ал, екінші күдікті 18-ге толмағандықтан, оған кәмелеттік жасқа жетпегендердің ісі бойынша жауапкершілік жүктеледі. Айта кетсек, Денвер қаласындағы мектепте қаруланған екі жасөспірім сыныптастарына оқ атқан. Салдарынан 1 оқушы қаза тауып, сегізі жараланды. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, оның себептері анықталып жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың Колорадо штатында мектептегі атысқа күдікті 2 оқушы ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73591/)