Көптеген үйлер мен кәсіпорындарды, фермалар мен егістік алқаптарын да топан жайлаған. Тасқынға бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр мен қайта-қайта соққан торнадолар себепші. Осыған ұқсас жағдай Арканзас, Луизияна, Иллинойс, Оклахома штаттарында да қалыптасып отыр.
Соңғы мәліметке қарағанда, су апатынан Құрама Штаттардың орталық-батыс аймақтарында 16 адам қаза тапты.
Арыстан РЫСБЕК