Ондаған тұрғын үй зардап шегіп, 171 адамды эвакуациялауға тура келді. Нөсер жаңбыр мен күшті желден жолдарды су шайып, көпір қираған. Елдің төтенше жағдайлар инспекциясының хабарлауынша, құтқарушылар 5 күн қатарынан тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Олар жертөлелерді судан құрғатып, көшелерді тазалап, зардап шеккен аудандарға құм толтырылған қаптар жеткізді.
Қазір жауын-шашын басылған. Дегенмен, жергілікті билік құтқару жұмыстары әлі бірнеше күнге жалғасатынын мәлімдеп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Румынияда толассыз жауған жауыннан елдің оңтүстік-шығысын су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73682/)