Ресейдің оңтүстігіндегі Дағыстан Республикасының астанасы – Махачкала портында мұнай танкері жарылып, үш адам қаза тауып, үшеуі жараланған. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді.
Дағыстан Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, олардың біреуі денесінің 95 %-ын күйік шалғандықтан, өте ауыр халде жатыр.
Ал, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жарылыс танкерден мұнайды құйып алу кезінде болып, оның соңы алапат өртке ұласқан.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдің оңтүстігіндегі Дағыстан Республикасында жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73699/)