Соңғы деректер бойынша, қаза тапқандар саны 28-ге жетті. Олардың екеуі – экипаж мүшелері. Мамандардың айтуынша, су көлігінің ескі болуы және апат барысында қатты зақымдануы – құтқару жұмыстарын біршама баяулатқан. «Русалка» катері 70 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келіпті.
Айта кетсек, мамырдың 29-да Дунай өзенінде екі экскурсиялық су көлігі соғылып, оның біреуі суға батып кетті. Зардап шеккен катер бортында болған 35 адамның 33-і - Оңтүстік Корея азаматтары. Апаттан олардың жетеуі ғана тірі қалды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Венгрияда Дунай өзеніне батып кеткен туристік катер су астынан шығарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73700/)