Соңғы мәліметке қарағанда, жұма күні өткен партиялық сайлаудың бірінші турында ол консерваторларды, одан әрі Үкіметті басқаруға ең үздік кандидат атанған.
Теледебатқа қатыспаған Джонсон 114 дауыс жинаса, қалған үміткерлерді қолдағандар 50-ге де жетпеді. Екінші тур ертең өтеді. Бірқатар сарапшылардың ойынша, Джонсон Премьер болса, корольдікте «брекситке» қатысты саяси дағдарыс тіпті тереңдейді. Өйткені, бұл кандидат Ұлыбританияны Еуропа одағынан ажырасу туралы келісімсіз-ақ шығаратынын мәлімдеп отыр. Ал, Парламент мұндай сценарий ел нарығын ғана емес,бүкіл әлем экономикасын теңселтеді деген пікірде.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлыбритания Премьер-Министрлігі үшін бәсеке жалғасып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73731/)