Патрик Шанаханның мұндай шешім қабылдағанын Ақ үй басшысы «Твиттердегі» парақшасы арқылы хабарлады. Енді Пентагонға Марк Эспер уақытша жетекшілік етеді.
Шанахан Таяу Шығыста Америка Құрама Штаттары мен Иран шиеленісі күшейген кезде ең жоғары әскери лауазымнан бас тартты. Сонымен қатар, бұл шешім оның отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ақпарат тараған шақта қабылданып отыр.
Осыған дейін USA Today және Washington Post газеттері Шанахан мен оның әйелінің бір-бірін физикалық күш қолданды деп айыптағанын және осы үміткердің ұлы анасының басын жарғанын хабарлаған еді.
Арыстан РЫСБЕК