«Гипербола-1» ғарыш кемесі бүгін жергілікті уақытпен сағат 13:00-де ұшырылды. Жоспарлы уақыттан кейін жерсеріктер мен пайдалы жүк межелі кеңістікке сәтті жеткен.
Бұл - ғарыш саласындағы қытайлық жеке компаниялар үшін тарихи маңызды оқиға. Себебі елдегі коммерциялық ракета-тасымалдағыш алғаш рет өз миссиясын сәтті орындады. Бұған дейін мұндай әрекеттерді жергілікті екі ғарыштық компания жүзеге асырмақ болған. Алайда екеуі де сәтсіздікке ұшырады.
Аталған жерсеріктер ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қытай ғарыш саласындағы ұлттық бағдарламаларды белсенді дамытып жатыр. Ал 2020-2025 жылдары Ай мен Марсты жіті зерттеуді жоспарлап отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытай коммерциялық ракета көмегімен орбитаға екі жерсерікті жеткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73888/)