Толқын оларды жағаға шығарып тастаған. Мигранттар отырған ағаш қайық Жерорта теңізінде өткен аптада апатқа ұшырады. Осылайша, қаза тапқандар саны 75-ке жетіп отыр. Дегенмен, жоғалғандарды іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, бір апта бұрын 250-дей мигрант отырған қайық теңізде аударылып, олардың 134-ін ғана құтқару мүмкін болды. Қалғаны із-түссіз жоғалып кеткен. Құзырлы органдар олар суға батып, қаза табуы мүмкін деп мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар жөніндегі агенттігі мұны Жерорта теңізіндегі аса қайғылы «трагедия» деп атады.
Ливияның батыс жағалауы - соғыстан, аштықтан бас сауғалаған мигранттар үшін Еуропаға аттанатын негізгі пункт. Алайда, олардың барлығы діттеген жеріне жете бермейді. Ресми деректер бойынша, жыл басынан бері Жерорта теңізінде 600-дей мигрант қаза тапқан.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ливияның Хомс қаласы жағалауынан 20 мигранттың мәйіті табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73918/)