Бүгін Байқоңырдан ғарыш станциясына «Союз» кемесімен гуманоидтық робот ұшырылды. Мұны осыдан бірнеше сағат бұрын «Роскосмостың» сайты хабарлады.
Пилотсыз ракета Мәскеу уақытымен таңғы сағат 6:38-де көкке самғады. Федор есімді робот старт алдында 1961 жылы сәуірдің 12-де Юрий Гагарин айтқан «Кеттік!» деген сөзді қайталаған.
«Союз» ракетасы 14 минуттан кейін орбитада болды. Ол екі күн ұшып, жоспар бойынша Халықаралық ғарыш станциясына сенбі күні жетуі керек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Байқоңырдан ғарышқа робот ұшырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73975/)