![Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Сенбілік шоу» кешкі сауықтыру жобасының тұсауы кесіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_102598.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Сенбілік шоу» кешкі ақпараттық-сауықтық жобасының тұсауы кесіледі.
Жоба жүргізушілері белгілі сықақшылар – Қайрат Әділгерей, Нұрлан Қоянбаев, Олжас Сыдықбек және саясаттанушы, публицист Айдос Сарым.
Бағдарламаның әр шығарылымында өткен аптаның ең өзекті жаңалықтары мен қызықты дәйектері жаңаша бағытта талқыланады. Сондай-ақ, бағдарлама барысында әлеуметтік желілердегі қоғамның ерекше қызуғышылығына ие болған видеолар мен жазбалар көрсетілетін болады. Жоба авторлары көрермендерге қазақстандық телевизиядағы ақпараттық-сауықтыру бағдарламаны жаңа форматта көрсетпек.
Бүгін сағат 20:35-те «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан көріңіздер.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Сенбілік шоу» кешкі сауықтыру жобасының тұсауы кесіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/73989/)