«Түнгі студия» бағдарламасы көктемгі жаңа маусымда көрермендерге өзгеше форматта жол тартты. Жүргізушілер - Қайрат Әділгерей мен Эльвира Ерғалина.
Алғашқы қонақ - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Сәкен Майғазиев.
7 наурызда Алматыдағы Республика сарайында әншінің «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» атты концерті өтеді. Концерттің бас режиссеры – Андрей Хван. Бұл туралы әнші сұхбат барысында көпшілікпен бөлісті.
«Көшеге жарнамалық бейнеролигім шықпай жатып, билеттердің өтіп кетуі мені қатты қуантты. Кассаға түскен 5 күннің ішінде барлық билеттер сатылып кеткен. Көрерменнің талап-тілегі бойынша сол күнге тағы бір қосымша концерт ашуыма тура келіп тұр»,-дейді әнші. Ал, концерттің ерекшелігі туралы «арық айтып, семіз шығуды жөн санайтынын» жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Түнгі студияның» жаңа маусымында әнші Сәкен Майғазиев қонақта болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/74030/)