![Биліктегі ауыс-түйіс](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_85389.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық саяси температураның жыл сайын қаңтарда бір көтеріліп басылатын әдеті бар. Әсіресе, біздің халық алыста отырып-ақ, Астанадағы ахуалдан хабардар. Кімнің келіп, кімнің кеткенін біледі.
Ал, «бәленше ана жерге барады», «түгенше орнынан түседі» деген гу-гу әңгімені қымызша сапыратын саясаттанушылар тап қазір түлкі көрген тазыдай жұтынып тұр. Ақорда жаққа қарап, көзімізге бірдеме шалына ма деп кеңірдектерін созып жүр еді, көп күттірмеді.
Өткен аптада басталған ауыс-түйіс осы жетіде тағы жалғасты. Президент Жарлығымен Марат Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды.
Бұл қызметті Президент Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовке уақытша атқару жүктелді. Сондай-ақ, еліміздің Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Ғалым Оразбақов та қызметінен босатылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биліктегі ауыс-түйіс&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/74161/)