![Ауыр жұмыспен айналысатындардың айлығы артатын болсын – Мемлекет басшысы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_85430.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 сәуір. Бұл - Көпен сияқты көкелердің кәсіби мерекесі - Күлкі күні болғанымен, дәл сол күннен бастап, бірнеше сала бойынша жалақы өсетін болды. Бұл жаңалықты Мемлекет басшысы кешегі Үкіметтің кеңейтілген жиынында жария қылды.
Мәселен, тау-кен, металлургия және мұнай-газ өндірісіндегі жұмысшылардың жалақысы 10 пайызға көбейеді. Бұл жерде Президент «Самұрық-Қазынаның» басшысы Өмірзақ Шөкеевке «Кеңседе құр қол қусырып отыратындардың емес, ауыр жұмыспен айналысатын азаматтардың айлығы артатын болсын», деп ескертіп өтті.
Сондай-ақ, зейнетақы - 14 пайызға, мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік көмек - 12 пайызға, студенттердің шәкіртақысы мен азаматтық қызметкерлердің жалақысы - 10 пайызға өсетін болды. Бұл жерде азаматтық қызметкерлердің 2015 жылы қосылатын үстемені есептегенде, еңбекақылары 36 пайыздан 52 пайызға артатын болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауыр жұмыспен айналысатындардың айлығы артатын болсын – Мемлекет басшысы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/74202/)