![Елбасы «Астана-Экспо-2017» Тұжырымдамасын құптады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_85448.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Президент кешегі жұмада «Астана-Экспо-2017» архитектуралық жобасының Тұжырымдамасын құптады. Таңдауға елу жоба ұсынылды.
Сонымен, көрменің негізгі архитектуралық кешені «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» компаниясы ұсынған жоба бойынша салынады. Нысан өзін- өзі қуат көзімен қамтамасыз етеді. Энергия күн көзі мен желден өндіріледі.
Ал, артылған энергия шаһарға да қуат таратуға жарайды. Жеңімпаз архитектуралық компанияның құрылтайшысы - Эдриан Смит. Әлемдегі ең биік 15 ғимараттың бесеуінің жобасын жасаған әйгілі архитектор. Президент компанияны құрылысқа тезірек кірісуге шақырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы «Астана-Экспо-2017» Тұжырымдамасын құптады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/74220/)