![Мемлекет басшысы Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_85496.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гаагадан оралысымен Алматыдағы резиденциясында Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қос елдің ынтымағы мен экономикалық байланысы талқыланды кездесуде.
Қос президент сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін пысықтады. Кездесуде бірлескен қазақ-қырғыз инвестициялық қорының жұмысы да қаралды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/74270/)