![Нұрсұлтан Назарбаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_85667.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы сапар кезінде Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті.
Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың салмақты тұстарын таразылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахайян өңірлік және күн тәртібінде тұрған халықаралық өзекті мәселелерді де қалыс қалдырмады.
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің даму қарқыны жоғары екенін, екі ел арасындағы өзара іс-қимыл соңғы жылдары барлық бағыт бойынша нығайғанын айтты.
Кездесуде Таяу Шығыс елдерінің ішінде БАӘ-нің Қазақстандағы негізгі инвесторлардың бірі болып отырғаны да айтылды. Тығыз ынтымақтың мысалдары ретінде Астанадағы көпфункционалды «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысын, «Al Hilal Bank» пен Қазақстандағы «Фалах» бірлескен инвестициялық қордың қызметін айтсақ болар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрсұлтан Назарбаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/74452/)