![Астананы аймақтармен байланыстыратын жол салынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_85767.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елдегі көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жайы «Нұрлы жол» бағдарламасында жан-жақты қамтылған. Ол - өңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асады.
Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астана мен аймақтарды магистаральді автомобиль жолдары арқылы байланыстырады. Осыған орай, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінен басқа, Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Ақтөбе – Атырау, Алматы – Өскемен, Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда, Атырау – Астрахань тас жолы салынады.
Бұл - осы жолдардың бойында ертең қызмет көрсететін түрлі нысандар іске қосылып, халыққа кәсіп пен қосымша жұмыс орындары ашылады деген сөз.
Қазір Қазақстанда 97 мың шақырым жол бар. Оның 23 500 шақырымы - республикалық маңызға ие. Енді, сол жолдардың 5 мыңға жуық шақырымы, яғни жоғарыда біз тілге тиек еткен жол 2020 жылға дейін толық салынып, бас қаланы аймақтармен байланыстырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астананы аймақтармен байланыстыратын жол салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/74552/)