![Талғарда орта және шағын бизнес дамуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75551.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Істің көзін тауып, өзгелерді де жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтар қазынаға түсетін қаражаттың 32 пайызын құйып отыр.
«Бұл – Елбасының шағын және орта бизнеске деген көзқарасы мен қолдауының арқасы», дейді ауданға арнайы келген Мәжіліс депутаты Әлихан Тойбаев. Айтуынша, биылғы Жолдаудағы Елбасы көрсеткен бағыт – бизнестің дамуына ғана емес, аудан тұрғындарының әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік бермек.
Мәжіліс депутаты Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрайымының орынбасары Гүлнар Тоқсейітовамен талғарлықтарға Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіріп, 7 тармаққа жеке-жеке тоқталды.
Ірі бизнес нысандарын аралап, аудан жетістіктерімен танысқан халық қалаулысы, жұртшылықты жеке кәсіппен айналысуға шақырды.
Жазира ИСАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Талғарда орта және шағын бизнес дамуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7461/)