![Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_86119.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев түрік Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтып, жеделхат жолдады.
Қайғылы оқиға туралы хабарды Президент зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан бауырлас түрік халқына, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/74904/)