Парламент алтыншы шақырылымының екінші сессиясын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент алтыншы шақырылымының екінші сессиясын бастады

08.09.2016
Парламент алтыншы шақырылымының екінші сессиясын бастады

Күз күрең. Күз салқын. Күз жабырқау кезең дегенімізбен, шынтуайтында күз - байлықтың, молшылықтың, берекенің басы. Күз - шаруаның қызып, еңбектің еселенетін шағы. Тіпті, елдегі саясат сахнасындағы ірі істер де бізде дәл осы мезгілде басталады.

Жазда демалған жұртпен бірге Парламент те жиналып, білек сыбана жұмысқа кіріседі. Әдеттегідей, елдегі ең жоғары заң шығарушы органның жаңа маусымдағы жаңа сессиясын Президенттің өзі ашты.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу