![Қазақстанда өндірілетін мұнайдың тең жартысына жуығы Атырау өңіріне тиесілі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75587.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Табысты саланы дамытудың нәтижесінде 20 мыңға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
АҚШ-тың «Шеврон» компаниясымен «ғасыр келісімшарты» жасалып, бірлескен «Теңізшевройл» ЖШС құрылды. Компания алғашқы жылы 1 миллион тонна мұнай өндірсе, қазір бұл көрсеткіш жиырма есеге өсті.
Ағымдағы жылдың 11 айында 1991 жылмен салыстырғанда мұнай 8 есе, газ 18 есеге артық өндірілді.
Бұл өз кезегінде мұнай мен газ өндірудің еселеп өскендігін, өңірдің экономикасы мен халықтың әл- ауқатының артқандығын айғақтайды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда өндірілетін мұнайдың тең жартысына жуығы Атырау өңіріне тиесілі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7534/)