Жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан 60 шақырым жерден табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан 60 шақырым жерден табылды

26.02.2017
Шұғыл ақпарат. Шығыстан жетті. Кеше кешкісін жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батыс жағына қарай 60 шақырым жерден табылды. Алдына ала анықталған ақпараға қарағанда, тікұшақтың пилоты мерт болған. Бір жолаушы аман. Ол Айғыз ауылына жеткізілген.

Ал, борттағы үшінші адам туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Қазір оқиға орнында Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жүр. Кейбір дерек көзіне сенсек, аңға шыққан тікұшақтың ішінде есімі елге танымал азамат болған деседі. Бірақ, бұл ақпарат әзірше болжам ғана.

Хабарламаларға жазылу