Бүгін Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы сондай-ақ, 12 өңірде түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өтті. Округтік сайлау комиссиясы ақпан айында мәслихаттардағы шығып қалған депутаттар орнына сайланғысы келетін 172 үміткерді тіркеген болатын.
Олардың 59-ын саяси партиялар ұсынса, 113-і өзін-өзі ұсынған. Саяси аламанға қатысатындардың 129-ы ер адам, ал 43-і әйел заты. Үміткерлер еліміздегі 58 сайлау округінде облыстық мәслихат депутаттарының – 13, қалалық мәслихат депутаттарының – 9, сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттарының – 36 орны үшін бақ сынады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/75472/)