Төмен байытылған уран банкі Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасқан. Президент Нұрсұлтан Назарбаев зауыт кілтін МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоға табыстады.
Уран банкі толықтай МАГАТЭ-нің құқықтық басқаруына беріледі. Банктің ашылуына АҚШ Кувейт, Норвегия, Еуропалық одақ күш салған. «Қазіргі таңда әлемде 51-ден астам атом электр станциясы салынып жатыр. Ал, 2030 жылға қарай 500-ге жетеді деген жоспар бар. Сондықтан, бұл жобаның болашағы зор», - деді Президент.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрсұлтан Назарбаев төмен байытылған уран банкін ашты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/75531/)