Осы аптада Сочиде екі бірдей саммит өтті. Оның бірі – ТМД мемлекеттері басшыларының 26-шы отырысы болса, екіншісі – Жоғары Еуразиялық Экономикалық Одақтың кеңесі.
Президенттер бір жыл ішінде атқарған жұмыстарын қорытындылап, болашақ жоспарларды бекітті. Күн тәртібінде 18 құжат қаралып, Қазақстан тарапы оның 13-іне қол қойды.
Көрші мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңғырту, сырттан төнген қауіп-қатермен бірігіп күресудің жолдары да басты назарда болды. Сонымен қатар, достастық елдері ғарыш саласында біріккен жобаларды жүзеге асыруға келісті.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Осы аптада Сочиде екі бірдей саммит өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/75590/)